Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы анықталды

Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлері салалық кәсіподағының “Астана” қалалық филиалы кеңесінің кеңейтілген отырысында филиалдың жартыжылдық жұмысының қорытындысы шығарылды.

Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымы жылына арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру, филиалдың мүшелік ұйымдары арасындағы “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы” байқауын қорытындылау жөніндегі арнайы құрылған комиссияның шешімі, сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар федерациясының “Ем ал! Демал! Білім ал!» жобасы мәселелері қаралды.

Конкурстық комиссия филиал деңгейінде құрылыс саласындағы – “Астана Бас жоспары” ҒЗЖИ ЖШС және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында – “Астана-Зеленстрой” ЖШС-нің кәсіподағын ең үздік бастауыш ұйымы деп анықтады.

Байқауға белсенді қатысқаны үшін кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Жанар Байлиева мен Рүстем Токходжаев салалық кәсіподақтың наградаларымен марапатталды.