Әйелдер көшбасшылығы – өмірдің жаңа сапасы

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері, облыстық мәслихат депутаты Динара Айтжанова, қалалық мәслихат депутаты Гүлзира Атабаева және әйелдер-депутаттар, Қазақстан әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары Әзиза Шужеева “Әйелдер көшбасшылығы – өмірдің жаңа сапасы” тақырыбында өткізген шеберлік сыныбына қатысты.

Іс-шара “Nur Otan” партиясының Павлодар облыстық филиалының ғимаратында өтті.

Іс-шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары, облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы Айзада Амангелдіқызы, “Nur Otan” партиясы Павлодар облыстық филиалының бірінші орынбасары Илья Сергеевич, Павлодар облысы Әйелдер күштері альянсының төрайымы Раушан Жұмабайқызы, облыстық мәслихаттың депутаты, “Қазкәсіпметалл” салалық тау-кен металлургия кәсіподағы” ҚБ Павлодар облысы бойынша төрағасының орынбасары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова әйелдердің мемлекеттік қызметке ықпалы күннен-күнге артып келе жатқанын атап өтті.

“Ағымдағы жылғы қаңтардағы сайлау қорытындысы бойынша партияның аумақтық филиалдарының партиялық тізімдерінде 30%-дан астамын әйелдер құрайды. Барлық деңгейдегі сайланған депутаттардың (190 адам) 63-і (33,2%) әйелдер. Тек облыстық мәслихаттың әйел-депутаттарының саны 12,8%-ға артты. Егер 2016 жылы әйелдердің үлесі 25,5% құраса, 2020-2021 жылдардағы сайлау қорытындысы бойынша ол шамамен 40%-ды құрады”, – деді Айзада Құрманова.

Қазақстанның әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары Азиза Шужеева Қазақстанда әйелдер көшбасшыларының жаңа буынына үлкен сұраныс бар екенін атап өтіп, белсенді әйелдердің жұмыс сапасын арттыру үшін келесі мақсаттар мен міндеттерді атап өтті: әлеуметтік капиталды арттыру; көшбасшы әйелдердің жеке брендтерін дамыту; ортақ жобаларды біріктіру, өзара қолдау және іске асыру (бүкіл ел бойынша, өңірлер, аудандар, қалалар); ауқымды әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды ұйымдастыру, жастармен жұмыс; әйелдер кадрлық резервін қалыптастыру; әлеуметтік мәселелерді шешуге қоғамдық белсенділерді тарту; әйелдер көшбасшылығын дамыту, жаңа әлем ерлер мен әйелдер туралы емес, жаңа әлем – өмірге деген жаңа көзқарас.