Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек басқармасының «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.

Оңалту орталығы ресми түрде 2019 жылдың 15 тамызынан 70 адамға арналған жатын орынмен қызмет көрсетуді бастаған. Орталықта медициналық қызмет көрсететін терапевт, невропатолог, психиатр, травматолог-ортопед дәрігерлер және жалпы тәжірибелік дәрігер мамандар бар.

Мекемедегі қызметкерлер саны: жалпы 43 адам, оның 3%-ы мүгедектер. 100% қызметкерлер кәсіподаққа мүше. Бастауыш кәсіподақ ұйымымен мерекелік күндеріне арналған іс-шаралар өткізіліп, сыйлықтар мен азық-түлік себеттері тұрақты түрде беріледі.

Басқосу барысында Еңбек қатынастарына байланысты заңдар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Конституция күні мерекесімен құттықтап, белсенді қызметкерлерге наградалар табысталды.

Атап айтқанда, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» орталықтың заңгері Бағлан Сұлтанұлы және «Алғыс хатымен» орталықтың тазалықшысы Сабира Қожамқұлқызы марапатталды.

Кездесу соғында мекеме директоры Винера Нұржанова «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғысын білдірді.