Жергілікті кәсіподақ жәрмеңке ұйымдастыруда

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің аумағында “Жомарт күз” азық-түлік жәрмеңкесі басталды. Азық-түлік нарықтық бағадан төмен бағамен университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында сатылатын болады.

«Біз жәрмеңкенің бірінші кезеңінде ұжымды нарық бағасынан төмен бағамен құс етімен, көкөністермен және жемістермен қамтамасыз етеміз. Жәрмеңкенің екінші және үшінші кезеңдерінде қолжетімді бағамен картоп, қырыққабат, сәбіз және т.б. сатылады», – дейді жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Айтхожин.

Жергіліктің кәсіподақтың күшімен Нұр-Сұлтан қаласына Түркістан облысынан килограмы 300 теңгеден алма, тетрапакеттердегі алма шырындары және Шортанды ауданының жеке қосалқы шаруашылықтарында өсірілген құс еті жеткізілген.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде “Бараевский” меншікті балы сатылады. Бұл – көктемнен бастап А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы аумағында бал өндірумен айналысқан жас ғалым Сұлтан Сәуіровтің еңбегінің жемісі.

Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Айтхожинның айтуынша, жалпы, университет жас ғалымдарға гранттық қаржыландыру аясында өз жобаларын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік береді. Биыл 5 жобаны жүзеге асыру үшін 25 миллион теңге бөлінген.

Жәрмеңке 27-29 тамыз аралығында өтеді. Өнімдерді сату техникалық факультет аумағындағы жабық павильонда ұйымдастырылуда. Павильонға кіру Ашық жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Үй-жайдың ішінде санитайзерлер орнатылған, жәрмеңке аумағында сатушылар мен сатып алушылар арасында әлеуметтік қашықтық қарастырылған.

Сатып алушылардың жиналуын болдырмау үшін кесте жасалды, соған сәйкес сату ұйымдастырылады.