ҚР Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің салалық кәсіподағының Ақтөбе филиалы бір топ ардагерлерге ұзақ жылдарғы жемісті еңбегі үшін “Құрметті ардагер” төсбелгісін, 1-2 және 3-ші дәрежелі “Еңбек даңқы” төсбелгісін табыстады.
“Ауыл шаруашылығы саласына бар саналы ғұмырларын арнаған зейнеткерлікке шыққан аға буынмен қатар, қазірде де жемісті еңбек етіп жүрген еңбеккерлерімізді марапаттауды ұйғардық. Олардың әрқайсысының еңбек жолын сараласақ, туған жер тарихымен тығыз байланысты. Егін егіп, мал өсіріп, сапалы өнім алып, жастарды еңбекке баулып жүрген мамандарымыздың ерен еңбегін біз үнемі насихаттап, оларға қолдау жасаймыз”, – деді салалық кәсіподақтың Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Тұрақбай Сұлтанғалиев.