Ақпараттық орталық қызметкерлеріне марапаттар тапсырылды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы» деп жариялауына байланысты «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов филиал құрамындағы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайымен танысып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Еңбек Кодексі, «Кәсіптік одақтар туралы» заңы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» мерекесіне орай құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың белсенді қызметкерлеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ-нің заңгері Төлтебай Амантай Жарқынбекұлы және «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ-нің ақпарат бөлімінің маманы Мұсаева Назерке Бақтиярқызы марапатталды.

Жиын соңында орталықтың кәсіподақ комитетінің төрайымы Үйсінбек Дана Қайратқызы қатысушыларды Конституция күні мерекесімен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағына алғысын жеткізді.