Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы» деп жариялауына байланысты «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында кәсіподақ өкілдері Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, Еңбек қатынастарына байланысты заңдар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және басқарма басшысы Ерлан Қыдыров «30 тамыз – Конституция күні» мерекесімен еңбек ұжымын құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың марапаттарын табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» басқарманың статисі, кәсіподақ ұйымының төрайымы Аружан Нұрбекқызы және «Алғыс хатымен» басқарманың аудармашысы Лаура Мұратбекқызы марапатталды.