Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының кезекті отырысы онлайн режимде өтті.
Отырыста өндірістік жарақаттанудың өсуіне жол берген кәсіпорындардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі шараларды сақтау, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыстан босатылатын қызметкерлерді қысқарту және жұмысқа орналастыру жөніндегі жай-күй, Қарағанды облысының тұрғындарын вакцинациялау жөніндегі шараларды іске асыру барысы және коронавирустық инфекциядан ұжымдық иммунитет жағдайларын жасау туралы мәселелер қаралды.
Қарағанды облысы кәсіподақтарынан жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдері тараптарына ұжымдық шарттарға авариялық (төтенше) жағдайларды анықтау мен олардың алдын алудың нақты фактілері үшін қоғамдық техникалық еңбек инспекторларын материалдық көтермелеу шараларын енгізу бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды, бұл 2021-2023 жылдарға арналған Облыстық келісімнің 5.20-тармағына сәйкес келеді.
Сондай-ақ, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін облыстық үшжақты комиссия мен жұмыс тобы туралы Ережеге түзетулер енгізілді.