“Жыл үздігі-2021” шеруі ұйымдастырылды

26 тамыз күні №48 ЖОББМ кәсіподақ ұйымының төрайымы Д.Мұратованың ұйымдастыруымен 2020-2021 оқу жылын қорытындылау мақсатында “Жыл үздігі-2021” шеруі өтті.

Мектеп ұстаздары арасынан бірлестік бойынша жетістіктер сараланып, үздіктер қатарынан көрінген ұстаздар “Ізденімпаз ұстаз”, “Ғылым жанашыры”, “Білікті ұстаз”, “Шығармашыл ұстаз”, “Бала жанының бағбаны”, “Спорт шебері”, “Өз ісінің шебері” аталымдарын жеңіп алды.

Барша жеңімпаздар дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылында мерейлі жасқа толған мұғалімдерге ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Қызықты ойындар ойнатылып, жаңа оқу жылына ұстаздарға жаңа серпіліс берілді.