Кәсіподақтар «Мектепке жол» республикалық акциясын қолдайды

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы еңбек етуші әйелдерді әлеуметтік-экономикалық қорғау, ана мен баланы әлеуметтік қолдау, көпбалалы және әлеуметтік мұқтаж отбасыларды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударады.

2021 жылғы 31 тамызда “Мектепке жол” жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы шеңберінде Р.Даумованың төрағалығымен Павлодар облысы Кәсіподақ орталығының еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы жыл сайынғы дәстүр бойынша мектеп оқушыларын тәрбиелейтін бес көпбалалы отбасына қолдау көрсетіп, оларды кеңсе керек-жарақтарымен, спорттық киіммен қамтамасыз етті.

“Кәсіподақ ұйымдарының көпбалалы отбасыларға қамқорлығы және оларға материалдық қолдау көрсету әрқашан болды. Әсіресе, оқу жылының басталуы кезеңінде көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсеткіміз келеді. Жұмыс істейтін әйелдер істері жөніндегі Комиссия коронавирус пандемиясы кезеңінде көпбалалы отбасыларды қолдау, оларды азық-түлік жиынтығымен қолдау бойынша үлкен қайырымдылық жұмыстарын жүргізуде. Алдағы оқу жылына еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі Комиссия сөмкелер, спорттық костюмдер, мектеп керек-жарақтарын сатып алып, көп балалы отбасыларға қолдау көрсетті. Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық балаларды оның басталуымен құттықтаймын және табысты оқу мен зор денсаулық тілеймін!”,- деп Павлодар Ертіс өңірінің оқушыларын” Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы ” АКБ-нің төрайымы Д.Айтжанова құттықтады.