Хромтау өңірінде алғаш рет алып шахтер бейнесі пайда болды. Осылайша, компания шахтерлер күні қарсаңында нағыз қайсар жандардың кәсібіне құрмет көрсетті. Шахтердің жиынтық бейнесін ақтөбелік суретшілер салды және ауданға ажар қосқан сурет қаланың тағы бір символына айналатыны сөзсіз.
Қалада бұған дейін бірнеше муралдар салынды. Алайда, шахтердің бейнесі – биыл алғаш рет.
Сурет Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері тұратын үйлердің бірінің қабырғасына салынған. Кескіндеменің осы түріне маманданған шеберлер бірнеше күн арнады. Муралдың биіктігі 13 метрден асады. Шахтердің суретіне бірден назарыңыз ауады, әсерлі.
«Қазхром» биылғы шахтерлер күнін осы секілді бірнеше игі бастамалармен өткізді. Кәсіпорында кеншілер арасынан үздік бригада ұжымдары анықталды. Дөң ауылында жаңа балалар алаңы ашылды.
Шахтерлер күніне орай Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатында өндірістік көрсеткіштер бойынша үш бригада ұжымы марапатталды.
– Олар – Ерлан Битанов, Мырзабай Жаукаров және Шакрат Байсеркешовтің командалары, – деді Дөң тау-кен байыту комбинаты Азамат Бектібаев. – Компания осы секілді жұмысшыларымен мақтана алады. Олар күн сайын өз жұмыстарын абыроймен атқарып, қазіргі қиын кезеңде бір-біріне қолдау көрсетіп келе жатыр. Біз қазір пандемияға байланысты, жақындар мен туыстардың сырқаттануларына байланысты стрестік жағдайлар барын білеміз. Осы факторларға қарамастан, жігіттер жәй ғана жұмыс істеп қоймады. Олар өндірістік көрсеткіштерді орындауда техниқалық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, нәтиже беру үшін еңбек етті.
Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры кеншілермен жұмыс басында сөйлесу үшін және ақшалай сыйлықтарын табыстауға шахталарға түсті. «Молодежная» шахтасында сертификатты ұңғыма жұмыстарында ең жоғары көрсеткіш көрсеткен Шакрат Байсеркешовтің бригадасы иеленді. Оның командасы шахтада жаңа астыңғы қабатты желдетуді қамтамасыз ететін ең күрделі және маңызды жұмыстардың бірі желдету-жүріс өрлемесінің құрылысымен айналысуда.
– Шыны керек, өзіме де, бригаданың жігіттеріне де директордың мұндай қолдауы мен сенімі әсерлі болды, – деді білікті ұңғымашы-бригадир Шакрат Байсеркешов. – Сенімдеріңізге рақмет.
«Қазхромдағы» бірде-бір мерекеде қызметкерлер назардан тыс қалмайды. Кәсіпорын жетекшілері өздерінің тәлімгерлеріне барып, сол кездегі үйренушілерінің бүгінде ұстаздарынан озған шәкірт екендерін көрсетті. 15 тәлімгерге жеміс-жидекке толы себет тарту етіліп, алғыс хаттармен марапаттады. Ал 46 қызметкер салалық марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Осылайша, хромтаулық шахтерлердің еңбектері еленіп, кәсіптерінің жемісін көріп, алдағы жоспарлар мен міндеттерге жаңа күш-қуат, шабытпен кірісті.
Сонымен қатар, Шахтерлер күні қарсаңында Дөң ауылында балалар алаңы ашылды.
Eurasian Resources Group (ERG) пен Ақтөбе облысының әкімдігі арасында жасалған әлеуметтік маңызы бар жобалар туралы Меморандум аясында ауылда алғаш рет спорттық-ойын кешені орнатылды.
Тұрғындарының көпшілігі «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатында жұмыс істейтін ауылдағы балалар алаңының ашылуы шахтерлер мен кеншілердің кәсіби мерекелеріне орайластырылды. Заманауи спорттық-ойын кешені елді мекенде алғаш рет пайда болды. Ол әртүрлі жастағы балаларға арналған және workout пен ойын аймақтарын қамтиды. «Қазхром» бұл алаңның құрылысына 15 миллион теңге бөлді.
- Орнатуды компания Өңірлерді дамыту бағдарламасы жобаларын іске асыру аясында қаржыландырды, – деді алаңның ашылуында болған Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Азамат Бектібаев. – Біздің компания қызметкерлері тұратын ауыл мен қалалардағы жағдайды жақсарту мәселелеріне көп көңіл бөледі. Себебі, аулаларында олардың балалары жүреді. Ауылдағы кешен бірінші кезекте, балаларға ұнайды деген сенімдеміз.
Аумағы 400 метрлік балалар алаңын алыстан-ақ байқауға болады. Беті бала кездейсоқ құлап қалған жағдайда, оған зиян келмес үшін резеңкелі ұнтақпен жабылған. Көлденең жолағы мен білеулері бар Workout-алаңында балалар сарайы, төбешіктер, тренажер, әткеншек-теңгергіші бар. Ресейлік өндірушінің жабдықтары. Сертификатталған және қауіпсіз.
–Дөң ауылында үш мың жарым халық тұрады. Ауылымыз күн санап көркейіп келе жатыр. Күні кеше салынған балалар алаңына ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп жатыр. Себебі, мұндай бізде бірінші рет. Алаң қоршалған, сыртынан екі бейнекамера орнатылған. Саябақ маңындағы кешен ауыл халқы үшін үлкен сыйлық болды, – деді Дөң ауылдық округінің әкімі Ербол Акулов.
– Бастысы, балаларымыз үшін қуанып отырмыз. Немерелерімізді бір уақыт ойнату үшін Хромтауға баратын едік. Балалар енді үй маңында еркін ойнап жүр. Кешқұрым өзіміз де шығып, осы алаңның ішінде жүреміз. Мұндай қауіпсіз нысандар әлі де салынады дегн ойдамыз. Біздегі ендігі тілек – ауыл жастары кешенге мұқият қарап, тазалықты ұстап жүрсе деген ой, – деді ауыл тұрғыны Бибігүл Утенова.
2021 жылдың Меморандумы аясында Хромтау мен Ақтөбеде тағы бірнеше балалар мен спорт алаңдарын ашу жоспарлануда. Бұл мақсаттарға компания 45 миллион теңге бөлмек. Облыс орталығында алаңдар Тұрғындар қалашығы мен Тұңғыш Президент саябағында, ал Хромтауда жаңа нысандар қала орталығында және Кеншілер аллеясында қондырылатын болады.
