Орал қаласы білім беру бөлімінің №46 ЖОББМ математика пәні мұғалімі Алия Сахатованы мектеп ұжымы лайықты зейнетке шығарып салды.
Еңбек жолын Сырым ауданы, Алғабас ауылы орта мектебінде бастап, 40жылдық еңбек өтілінде №16, 44, 28, 46 мектептерде қызмет атқарған. Алия Бірімжанқызы өз қызметінде әркез ізденімпаз маман ретінде көрініп, ұжымда тиянақты жұмыс жасады.