Медицина қызметкерлерінің еңбегі атап өтілді

Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында коронавирустық инфекция бойынша эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып, белсенді және жемісті жұмысы үшін  денсаулық сақтау қызметкерлері “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы” РҚБ және “SENIM” кәсіподағының облыстық филиалының төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы” РҚБ төсбелгісі Павлодар облыстық ауруханасы тері-венерологиялық диспансерінің дәрігер-дерматовенерологы Г.Байсекеноваға табысталды.

Адал еңбегі және денсаулық сақтау саласындағы кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы” РҚБ құрмет грамоталарымен Май аудандық ауруханасының эндокринолог-дәрігері С.Армизова, Павлодар облыстық балалар ауруханасының клиникалық-диагностикалық зертханасының меңгерушісі М.Байтенова, “Ажар” ЖШС стоматолог-дәрігері Б.Қожанов, фтизиатр-дәрігер М.Сарлыбаева және Екібастұз қ. № 2 емханасының медбикесі А.Құсайынбекова  марапатталды.

Денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі және кәсіподақ қозғалысын нығайтуға қосқан үлесі үшін “Senim” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының” алғыс хаты Железин аудандық ауруханасының мейірбикесі Н.Анцифероваға, Павлодар медициналық жоғары колледжінің шаруашылық меңгерушісі Н.Батубаеваға, Май аудандық ауруханасының материалдық бухгалтері З.Масалимоваға, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының мейірбикесі Л.Матвеева және Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының зертханашысы В.Стрельцоваға табысталды.