Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы – медициналық көмектің қолжетімділігінің кепілі

2021 жылғы 3 қыркүйекте “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Әлия Тұлжанова мен халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Алма Мұқатованың қатысуымен салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағалары үшін семинар өтті.

Спикерлер МӘМС жарналары мен аударымдарын шоғырландыру, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алу және төлеу, медициналық қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу бағыттары бойынша Қор қызметі туралы айтты.

ҚР азаматтарын амбулаториялық деңгейде қамтамасыз ету “тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарының тегін және (немесе) жеңілдікті дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және амбулаториялық деңгейде мамандандырылған емдік өнімдермен тізбесін бекіту туралы” тізбеге сәйкес жүзеге асырылады, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығымен бекітілген.