ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауы барша қазақстандықтарға ерекше серпін беретіні сөзсіз. Маңызды бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын құжат мемлекет дамуының тың бағыттарын нақтылап, жаңа белестерін айқындай алды деп ойлаймын.
Жолдаудың түп негізі тұрақты мемлекет құра отырып, халықтың тұрмысын көтеруге бағытталып отыр. Осы орайда, Президент өз Жолдауында Қазақстанның дамуының жаһанданудан қалмауын қамтамасыз етуге нақты тоқталып өтті.
Оның ішінде, әсіресе, мәдениет саласында еңбек етіп жүрген мамандардың әлеуметтік мәселелеріне ерекше ден қойылғаны – кәсіподақ үшін өте қуанарлық жағдай. Бұл барлық мәдениет қызметкерлеріне қызмет сапасын жақсарта түсуге негіз болмақ.
Жалпы кәсіподақ қарапайым адамдардың құқығы мен мүдделерін қорғау мақсатындағы міндеттерді атқарады. Бұл ретте қарапайым қызметкерлердің әлеуметтік саласын жаңғырту мен азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру жағдаяттарын басты назарда ұстайды. Сондықтан, Жолдауда айтылған мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту туралы мәселе – қуана қолдарлық жәйт.
Заманауи тиімді мемлекет құру үшін үлкен азаматтық жауапкершілік танытып, ел игілігі жолында бірлесе еңбек етуіміз керек. Және осы тұста мәдениеті өскен мемлекеттің қашанда мерейі үстем, мәртебесі жоғары екендігін айтып өткен жөн. Бұл бағытта алдымызда тұрған көптеген міндеттерді еңсеретіндігімізге сенімім зор.
Н.Табельдинова, “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы“ ҚБ Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы