Кәсіподақ өкілдері еңбек ұжымымен кездесті

2021 жылғы 2 қыркүйекте ҚРКФ “Қалың қалай, бастауыш ұйым?” акциясы аясында Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова және “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Қапенов Павлодар облысы үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен және мекеме басшысы Марина Стрелковскаямен кездесті.

“Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ кәсіподақ ұйымының құрамында 146 адам бар, бұл  қызметкерлердің 81%-ын құрайды.

Мекемеде 2021 жылғы 8 ақпанда кәсіподақ комитетінің төрағасы және ұйым басшысы М.Стрелковская әртүрлі кепілдіктер мен жеңілдіктерді көздейтін 2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойды. Кәсіподақ қызметкерлерге тегін заң көмегін көрсету, мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруға, қызметкерлердің балаларының демалысын ұйымдастыруға қатысу, қиын материалдық жағдайға тап болған кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету, кәсіподақ мүшелеріне жолдаманың жалпы құнының 25-50%-нан кем емес төлеммен облыстың, республиканың шипажайларына және олардың балалары үшін жазғы демалыс аймақтарына емделуге жолдама сатып алуға көмек көрсету міндеттемесін қабылдады.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова өз сөзінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы мен Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.

Өз сөзінде Динара Айтжанова қауіпсіз еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылауды мекемеде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жүзеге асыруы тиіс екендігін айтып өтті. “Сонымен қатар, жеке еңбек дауларын қарау және оның мүшелерін оқыту жөніндегі келісім комиссиясының жұмысына ерекше мән беру керек. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі комиссия мүшелерін сертификаттар бере отырып, ақысыз негізде оқыту бойынша қолдау көрсетеді”, – деп атап өтті кәсіподақ орталығының төрағасы.

“Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Қапенов өз сөзінде: “2021 жылғы 1 қыркүйекте біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадық, онда экономиканы әртараптандыру, денсаулық сақтау және вакцинация мәселелері бойынша даму бағыттары, бағаның қалыптасуын бақылау, азаматтардың смартфондарға қолжетімділігі үшін 100% мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа көшіру, бұқаралық және балалар спортын дамыту үшін жағдай жасау, білім берудің қолжетімділігі мен инклюзивтілігі, кәсіби біліктілік туралы заңды қабылдау мәселелері айтылды. Қазақстан Республикасының Президенті 2018 жылы белгіленген ең төменгі жалақыны 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 60 000 теңге сомасына дейін ұлғайтуды тапсырды, бұл 1 млн.адамның әл-ауқатын арттырады” – деді.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова мекемеде белсенді жүргізіліп жатқан қоғамдық кәсіподақ жұмысын атап өтіп, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлжан Мусеноваға Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Алғыс хатын және кәсіподақ қызметі бойынша әдістемелік әдебиетті табыс етті.