pavlodarnews.kz: “Павлодар облысы кәсіподақтарының лидері: «Президент бастамалары қазақстандықтардың әл-ауқатын көтереді»”

Павлодарлықтар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын көргендегі алған әсерлерімен бөлісуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар облысы кәсіподақ орталығы» кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Динара Айтжанова салалық және локальді кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына арналған Жолдаудың ұжымдық көрсетілімі ұйымдастырылғанын айтты.

Кәсіподақтық көшбасшылар, бірінші кезекте, Жолдауда айқындалған еңбек нарығы мен еңбек ресурстарын дамыту мәселелеріне баса көңіл аударды.

– Президент қызметкерлерді кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге ынталандыратын кәсіби біліктіліктер туралы заң әзірлеуді тапсырды, ол кәсіби біліктілік мәселесінің күшеюіне жағдай жасайды, – деді Динара Айтжанова. – Қасым-Жомарт Тоқаев 42 500 теңге мөлшерінде белгіленген және 2018 жылдан бастап өспеген ең төменгі жалақыны арттыру мәселесін көтерді. Енді ол 60 000 теңге сомасына дейін ұлғаятын болды, бұл 1 млн. астам адамның әл-ауқатына әсер етеді.

Депутаттың пікірінше, заңнамалық тұрғыдан белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері бүгінде еңбектің нақты құнына сәйкес келмейді. Еңбекшілердің жалақысын көтеру үшін республикалық Кәсіподақтар федерациясы біраз тер төкті.

Динара Айтжанова Мемлекет басшысының бастамасы Қазақстан Республикасы азаматтарының әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік беретінін ерекше атады.

http://pavlodarnews.kz/kz/pavlodar-oblysy/pavlodar-oblysy-k-sipoda-taryny-lideri-prezident-bastamalary-aza-standy-tardy-l-au-atyn-k-teredi/