Қыркүйектің 6-ы күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шамамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шықты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған. Зардап шеккендер Бейнеу облыстық ауруханасына жеткізілді.
Маңғыстау облысындағы кәсіподақтар орталығының ақпараты бойынша, оқиғаның мән -жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына «Қазмұнайтеңіз» ЖШС басшылығы, облыстық еңбек басқармасы мен кәсіподақтар орталығының өкілдері кірді.
Комиссия өрттің себебін анықтап, зардап шеккендер мен қаза болған кәсіпорын жұмысшыларының отбасыларын қолдау шараларын қарастырады.