kyzylorda-news.kz: “Мақсұт Нәлібаев: Жолдау – еңбекқор азаматтарға қолдау”

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Жолдауы – дипломатиялық әрі саяси білімнің салтанатын кезекті рет көрсетті.

Осы Жолдау­да ол Қазақстан аза­мат­­тарының тұрмыс-ахуалын арт­тыруды көздеген әлеуметтік шара­лар жасау тұрғысындағы мақса­т­тар­ды белгілеп отыр. Осы бастамалар ең басты капитал – адам екендігіне одан әрі көз жеткіздіріп, мемлекетті эко­но­микалық және саяси жетілудің шыңы­нан көрінуге нұсқайды. Жолдауда атап көр­сетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде беріл­ген – білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыныны одан әрі көбейту, халық табысын арттыру, мем­лекеттік қызмет көрсетулердің жақ­саруы – адам капиталын ин­вес­тициялауға жасалған осы шара­лар­дың бәрі қазақстандықтардың өмір са­пасының артуына кепіл болары сөз­сіз. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Жолдауының орындалуы экономикалық тетіктермен бекітілгені, нақты жоспарлардың белгіленгені және орындалуын қадағалайтын қажетті бақылау жүйесімен астасқанын атап өтуге міндеттіміз.

Осы тұста Президент жолдауының жүзеге асырылуына Қазақстандық кәсіподақтар мен олардың мүшелері де асқан ұйымшылдықпен қолдау көрсетеді деп ойлаймын.

Мақсұт НӘЛІБАЕВ,

Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы,

облыстық мәслихат депутаты

https://kyzylorda-news.kz/kogam/maqsut-naelibaev-zholdaw-engbekqor-azamattargha-qoldaw-123712/