Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын қашанда қалың көпшілік, оның ішінде кәсіподақ мүшелері де қандай өзгеріс жаңалықтар болады деп асыға күтері даусыз. Оның үстіне қазіргі «Тәж-тажал», «Пандемия» тұсында ешкімнің шекесі шылқып тұрмағаны бесенеден белгілі. Барлық дүние, азық-түліктен бастап, тұтыну заттары бірнеше есе қымбаттап кетті. Ал еңбекақы сол қалпында өзгеріссіз қалды. Бұл халықтың жанына қатты батқаны даусыз. Бұрын күн-көрісі төмен санаттағылар болса, бүгінде кәсіппен шұғылданып отырғандарда қиналып отыр. Сондықтанда кезекті Жолдаудан жаңалық күту орынды еді.
Жаңалықты асыға күткендер қатарында мыңдаған мүшесі бар ҚР салалық Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кәсіподағының елордалық мүшелері де болды. Білгенге, кәсіподақ институты-тарих таңдаған, халық қолдаған, әлем сыйлаған, дүниежүзі мойындаған қоғамдық институт. Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының өкілдері еңбекақыны көтеру жөнінде үш жақты келісім шарттар бойынша салалық министрліктерге, ел Президентінен бастап, Үкіметке дейін айтудан жалыққан емес. Көпшілігі мұны кезекті шығарып салма сөз ретінде қарағаныда даусыз. Жолдау біздің күткенімізден де асып түсіп, барша қазақстандықтарды, оның ішінде мәдениет саласының қызметкерлерін де бір қуантып тастады.
Президенттің Жолдауы – бұл мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық жоспары. Бұл жоспардан қоғамның әр мүшесі өзінің болашағына бағдар және міндеттеме алады.
Барша кәсіподақ мүшелеріне Жолдаудың атауы ұнады- «Жұдырықтай жұмылып іске кіріссек мақсатымызға жетеміз» деп айқайлап тұр. Иә, бәрлық дүниенің бастауында атам қазақ айтып кеткен Береке мен Бірлік тұр. Береке мен бірліктегі елдің алмайтын асуы мен бағындырмайтын биіктігі болмайды. Бұл ерте ғасырдан келе жатқан, түсінік. Қазақ «саусақ бірікпесе ине ілікпейді» дейді. Біріккен елдің алар асуы үлкен, мақсаты баянды.
Жолдаудың орындалуы бізге не береді деген сұраққа жауап іздесек, ол Президенттің 5 бастамасында айқын көрініп тұр. Олар, төменгі жалақының көтерілуі, бұрын 42 мың болса, алда 60 мың болады, салалық еңбекақылардың өсуі, 2022 жылға 20 пайыз, содан 2025 жылға дейін 20 пайыздан өсе береді, бұлардың арасында мәдениет (кітапханашылар туралы атап айтты) пен спорт, туризм, ақпарат қызметкерлері де бар, олар 600 мыңнан асатын адамдар. Зейнетақы қорынан қаржы қолдану мүмкіндігі, бұл арада қаржыны үй алуға, оқуға, дәрігерлік қаралуға т.т қолдану екені даусыз. Тұрғын үй алу мен ауыл шаруашылығын дамыту, субенциялау мәселелері анық көрсетілді.
Екіншіден, «Жолдауды орындау үшін біз не істеуіміз керек?» десек оған да жауап бар. Басты жауапкершілік, мықты отаншыл, елін жерін сүйетін, спорт, туризммен шұғылданатын денсаулығы мықты ұрпақ өсіру. көнеден «дені саудың, жаны сау», «шынықсаң шымыр боларсың» деген сөздер қалған. «Дені сау адам өзгені ойлайды, ауыру адам өзін ойлайды» десек, әрқайсымызға «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын орындауға тура келеді. Иммунитеті жақсы адам бүгінгі ауыруменде күресе алады, ендеше спортпен тұрақты айналыс келешегіңді ойласаң. Ұзақ жасайтын елдер өміріне қарасаң олардың өмір салты тұрақты денешынықтыру мен туризм.
Мемлекеттік тіл-қазақ тілін білетін мемлекетшіл ұрпақ тәрбиелеу. Кезінде М. Әуезов атамыз «Ел болам десең-бесігіңді түзе» деген. Қ.Мырза-Әлі ақынымыз «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп кетті. Кеше, Президентте келешегін Қазақстанмен байланыстыратын барша ұлт өкілдері, Конститутцияда анық көрсетілген мемлекеттік бір ғана тіл-ҚАЗАҚ тілін білу керек деді.
Балаларымызды мамандық таңдауға, ғылымды, педагогика мен медицинаны, энергетика мен ауыл шаруашылығын, ІТ-технологияларын білуге, оқуға бағаттау керектігі айтылды. Келешегің кемел болу үшін білім алу ауадай қажет болса, елімізге жаңашыл жас мамандарда сондай қажет. Ел болашағы – жастарда.
Келешек өз білім, білігіңнің арқасында табыс табуға жетелейді. Барлық дамыған елдерде бұл бар және бүгінгі даму үрдісі.
Қашанда елдің ертеңі тамырынан нәр алған, немесе өз ұлтының тарихын, салт-дәстүрін, діни негізін білетін, болашақта «ақсақал» деген ұлы атаққа ие болатын ұл, «ел анасы» болатын қыз тәрбиелеу. Ол үшін алауыздыққа бармайтын, ұлылығымен үлгі болатын, достықты ұлықтайтын, үлкенге іні, кішіге пана болатын азаматтар қалыптасса нұр үстіне нұр болар еді. Бұл ең алдымен, ұлтына, дініне қарамастан, әр отбасының негізгі ісі болса өте жақсы.
Шынар Үстембекова, Нұр-Сұлтан қаласының
«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
кәсіподақ комитетінің төрағасы