Лидия Журавлева 2021 жылдың қаңтарында «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайланған болатын.
Лидия Борисовна «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша жоғары білімді магистр және Қарағанды облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалының Қарағанды қаласы қоршаған ортаның ластануының жай-күйін бақылаудың кешенді зертханасында сапа бойынша жетекші инженер болып жұмыс істейді.
Кәсіподақ комитетінің төрайымы – сауатты маман, қайырымды адам, өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындайды және өз құзыреті шегінде барлық мәселелерді жедел шешеді, әрқашан қойылған мақсаттарға қол жеткізіп отырады.
Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша кәсіподақ ұйымының төрайымы Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары мен мекемелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрайымы Кеңескүл Рахымжановамен бірлесіп, белсенді және үйлесімді жұмыс жүргізуде.
Кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен мәдени-бұқаралық іс-шаралар, кәсіподақ қозғалысының ардагерлерін «Еңбек даңқы» және «Құрметті ардагер» төсбелгілерімен марапаттау өткізіледі. Кәсіподақ мүшелерінің балалары да назардан тыс қалмайды, олар үшін Балаларды қорғау күні мен Білім күндеріне арналған сайыстар мен құттықтаулар ұйымдастырылады.