Павлодарда аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

2021 жылғы 9 қыркүйекте Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыс мерекелік іс-шарадан басталды, оның барысында “Машина жасаушылардың салалық кәсіптік одағы” ҚБ төрағасы Төлеген Қазанғаповтын өтініші бойынша Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова “Кәсіподақ жұмысына қосқан үлесі үшін” төсбелгісін және алғыс хатты үйлестіру кеңесінің мүшесі Ағыбай Рахметовке табыс етті.

Кеңес мүшелері “Кәсіподақтарға қызметкерлердің сенімін қалай арттыруға болады?!” Жол картасы бойынша іс-шаралар жоспарын және “Кәсіпорындардағы әлеуметтік-еңбек қатынастары жағдайына кәсіподақтардың ықпалын қалай нығайтуға болады?!” Жол картасы бойынша іс-шаралар жоспарын, “Парыз-2021” бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсына өңір кәсіпорындарының қатысуын, Қазақстан Республикасында кәсіптік одақтар күнін өткізу бойынша іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспарын, жазылу және жалпыға бірдей вакцинация мәселелерін талқылау бойынша мәселелерді қарастырды.

“Кәсіподақтарға қызметкерлердің сенімін қалай арттыруға болады?!” Жол картасын және “Кәсіпорындардағы әлеуметтік-еңбек қатынастары жағдайына кәсіподақтардың ықпалын қалай нығайтуға болады?!” Жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын Үйлестіру кеңесінің мүшелері толық мақұлдады.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасында кәсіптік одақтар күнін өткізу, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өңірлік форумын ұйымдастыру, жеңімпаздарды марапаттау бойынша іс-шаралар жоспары мен медиажоспарды бірауыздан қолдады.

Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында іс-шараларды өткізу, белсенді қоғамдық мониторингті жалғастыру, келісім комиссияларының мүшелерін оқыту, әлеуметтік-еңбек тұрақтылығын нығайту және еңбек дауларының алдын алу бойынша түсіндіру-ақпараттық жұмысты жүргізу, кәсіподақ басылымдарына жазылу және жалпыға бірдей вакцинация бойынша ағымдағы қызмет мәселелері талқыланды.