«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен үйлестіру кеңесі өтті. Үйлестіру кеңесіне салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі, Татуластыру орталығының басшысы қатысты.
Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына орай Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Үндеуі талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Кәсіподақтар күніне орай:
– Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде өтетін форумдарға даярлық туралы;
– Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясында өтетін форумға марапаттауға үміткерлерді ұсыну бойынша тиісті тапсырмалар берілді.