2021 жылғы 15 қыркүйекте Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығының» басшысы М.Иванова өткізген азаматтарды онлайн-қабылдауда медициналық көмекке жүгінген кезде денсаулық сақтау мекемелеріне сақтандырылу мәртебесінің расталмауына байланысты оны ала алмаған өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінің қызметкерлерінің өтініші қаралды.
Өтінішті егжей-тегжейлі қарау кезінде қызметкерлермен еңбек шарттары жасалғаны, жалақы үш айдан астам уақытқа кешіктірілетіні, ал МӘМС-ке аударымдар мен БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдары жыл басынан бері аударылмағаны анықталды. Қызметкерлер міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесі жүйеге қатысушының «ӘМСҚ» КЕАҚ-ға ай сайынғы жарналарының түсуіне байланысты екенін білді.
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар тұлғалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың медициналық көмегіне кеңейтілген қолжетімділік алады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекке кепілдік береді.
Жарналар мен аударымдардың болуы міндетті шарт болып табылады. ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы №405-V ҚРЗ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жұмыс беруші ағымдағы жылы жұмыскерлер үшін жалақының 2%-ын төлеуге міндетті, есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 25 күніне дейін жұмыс беруші өз қызметкерлеріне жүргізілген аударымдар туралы ақпарат ұсынуы тиіс.
Аударымдар – бұл жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, аударымдарды төлеу жүзеге асырылған медициналық қызметтерді тұтынушыларға міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын беретін ақша.
Аударымдар қызметкерлердің жалақысынан ұсталмайды, бірақ жұмыс берушінің қосымша шығындары болып табылады.
2021 жылғы 3 қыркүйекте Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Әлия Түлжанова мен халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Алма Мұқатованың қатысуымен салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағалары үшін семинар өтті.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-да 5 436 бизнес субъектілерінің 63,4 млн.теңгеден астам сомадағы берешегінің болуы туралы ақпарат кездесуге қатысушылардың ерекше алаңдаушылығын тудырды, өйткені, қызметкерлердің медициналық қызметтерді кепілді көлемде алу мүмкіндігі жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды төлеуіне тікелей байланысты.
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өңірлік деңгейдегі қызметкерлердің өкілетті өкілі бола отырып, әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияға бизнес субъектілерінің жұмыскерлердің мүддесі үшін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-дағы берешегін жою мәселесін қарау туралы жүгінді.
Қабылдауға келген қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-160-баптарының талаптары негізінде жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі кәсіпорынның келісім комиссиясына өтініш беру жолымен туындаған жеке еңбек дауын шешу үшін жүгіну қажеттігі туралы құқықтық кеңес берілді.