Бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақ қозғалысының негізі

Жанат Құсайынова – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалының (төрағасы – Ноян Бидайбаев) құрамына кіретін, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Жанат Қадырқызы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін 1983 жылы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін 2003 жылы бітірген.

38 жыл жалпы еңбек өтілінің 25 жылында медицина колледжінің кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істеді. Жұмыс істеген жылдары өзін сауатты кәсіби маман ретінде көрсетті. 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қарағанды облыстық жоғары мейіргер колледжі» КМК кәсіподақ комитетінің төрайымы болып табылады.

Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжінің кәсіподақ төрайымы Жанат Құсайынованың пікірінше, 2021 жыл – Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы жариялаған Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы бастауыш ұйымдардың рөлін арттырады. Орталық кеңес Атқару комитетінің шешіміне сәйкес, кәсіподақ жетекшісінің қолдауымен 4-курс студенті Асылхан Төреханов «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының атаулы шәкіртақысы иегері атанды.

Кәсіподақ төрайымы өз міндеттерін орындауда жауапты, әрқашан ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдайды өз назарында ұстайды. Колледж қызметкерлерімен ілтипатты және сыпайы, жеке және кәсіби сипаттағы мәселелерді шешуде көмек көрсетуге әрқашан дайын тұрады және кәсіподақ ұйымының төрайымы ретінде ұжымдағы еңбек қызметі мен өзара қарым-қатынас мәселелерінде ымыралы шешімдер табуға тырысады. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, кәсіподақ жұмысының құқықтық аспектісі, келісім комиссиясы, жанжалдарды реттеу бойынша семинарлар мен тренингтерге кәсіподақ мүшелерін белсенді түрде қатысуға шақырып отырады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы колледж директоры Ильгизар Ахмадишинмен әлеуметтік әріптестік аясында бірлескен жұмыстың арқасында кәсіпорынның 2019-2022 жылдарға арналған ұжымдық шартында қызметкерлер үшін маңызды барлық жеңілдіктер іске асырылуда. Мұның мазмұнынан келесі артықшылықтарды атап өтуге болады:
– кемінде бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлей отырып және лауазымдық айлықақылардың ең төменгі мәндерін, азаматтық қызметшілердің тиісті лауазымдық айлықақыларынан және қосымша ақыларынан төмен емес қосымша ақылардың барлық түрлерін, оның ішінде ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақылар белгілей отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын негізгі ақылы еңбек демалысын алу құқығын сақтау;
– мереке және демалыс күндері қызметкерлердің күндік (сағаттық) ставкасын негізге ала отырып, екі еселенген мөлшерде ақы төлеу;
– жақын туыстары қайтыс болған, неке қиған, бала туған немесе асырап алған жағдайда қызметкерлерге қосымша материалдық көмек көрсетіледі.

2021 жылдың мамыр айында өзінің мерейтойлық туған күнінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін ұйымдастырылған «Кәсіподақ көшбасшысының дағдылары» тақырыбындағы тренингке қатысып, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Жанат Қадырқызы ұжымда үлкен құрметке ие, бастамашыл, өзінің еңбек және кәсіподақ міндеттерін адал атқарады.