«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Келешек» жастар кеңесі Шымкент қалалық ұйымының төрайымы Айгерім Алиева бастаған ерікті жастар 18 қыркүйек – World clean up day Дүниежүзілік акциясына орай Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты. Үлкен сенбілікке волонтерлер мен мемлекеттік қызметкерлер де шықты. Аталған іс-шарада жүзден астам адам болды.
Дүниежүзілік акцияның мақсаты – экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу. Бұл шара қоршаған ортаның ластану проблемасына, қаланың табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға мүмкіндік береді.