«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ғимаратының аумағында «Бүкіләлемдік тазалық күніне» орай сенбілік өтті.
Тазалық шарасына кәсіподақ активі және «Келешек» жастар кеңесінің еріктілері қатысты. Шараның мақсаты – қоршаған орта мен қоғамдық орындардағы тазалықты сақтау үшін азаматтардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға түрткі болу. Табиғатты қорғауға қатысты жаңашыл көзқарасқа баулу. Ауқымды шараның нәтижесінде ғимараттың аумағы толығымен тазартылды.