Кәсіподақ өкілдері жалпықалалық сенбілікке қатысты

«18 қыркүйек – World clean up day» Дүниежүзілік акциясына орай, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының Асанбай Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны аумағында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Дүниежүзілік акцияның мақсаты – экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу.

Аталған сенбілікке «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ мүшелері белсене қатысты.

Атап айтқанда, көш басын бастап Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Мәуленқұлов Ғабит Патшаханұлы, Шымкент қаласының Абай ауданының әкімі Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлы, сондай-ақ «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы, «Келешек» жастар кеңесі Шымкент қалалық ұйымының төрайымы Айгерім Алиева бастаған ерікті жастармен бірге мемлекеттік қызметкерлер де қатысты. Аталған іс-шараға жүзден астам адам қатысып, өзіндік үлестерін қосты.

Акция шеңберінде өткізілген іс-шара арқылы қоршаған ортаның ластануы өзекті мәселесіне, қаланың табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына қала жұртшылығының назарын аударды.

Осы себілік өткен Асанбай Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бастауыш кәсіподақ ұйымы да «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамында жақсы жұмыстарымен көзге түсіп келеді.