Ұзақ жылдар бойы қаржы саласында маңдай терін төгіп, адал қызмет атқарған өз ісінің шебері, білімді де білікті «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» КММ-нің бөлім басшысы Бақытгүл Төлеубаеваны әріптестері қимастық сезіммен зейнеткерлік демалысына шығарып салды.
«Мерейлі сәтке» қатысқан «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ төрайымы Мухтарита Сағындықова Бақытгул Кемейдуллақызына Алғыс хат тапсырып, гул шоғын ұсынды. Еңбек жолын сонау 1982 жылдан қаржы басқармасында бастаған Бақытгүл Кемейдуллақызы басқарманың бөлім басшысының орынбасары, облыс бойынша салық комитетінде әртурлі бөлім және басқарма басшысы, республикалық есеп комитетінің бас сарапшы – бас мемлекеттік тексеруші, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының мушесі лауазымдарын атқарды. Барлық куш жігерін, мол тәжірибесі мен білімін сандарға арнап, тексеру комиссиясы қызметінің сапасын, жұмыс тиімділігін арттыруда зор еңбек сіңірді.
Көптеген жас мамандарға үлгі болатын тұлға «Қаржы бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан улесі ушін» төсбелгісімен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Құттықтау салтанаты кезінде сөз алған әріптестері де жылы лебіздерін арнап, ақ тілектерін жаудырды.