Кәсіподақтар – салауатты өмір салты үшін

Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында кәсіподақ қозғалысын насихаттау және кәсіподақтарға деген сенімді арттыру мақсатында Қарағанды қаласының «Аманат Арена» спорт кешенінде «KYZMET» Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы мен Қарағанды облысы кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан кәсіподақтары күніне және Қаржыгерлер күніне арналған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кубогына футболдан турнир өтті.

Жарысқа «HALYK BANK» АҚ, «Отбасы Банк» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ, «СберБанк» АҚ, «Jysan Bank» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ Қарағанды және Теміртау филиалдарының 8 ұжымының өкілдері қатысты.

Командалар былғары доп сайысында ептілікпен, шеберлікпен және кәсібилікпен жарысты, командалық рух пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті, бұның дәлелі әдемі голдар және әр соғылған доптан өшпес қуаныш болды. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Кубогын «Отбасы Банк» АҚ, екінші орынды «НALYK BANK» АҚ Қарағанды филиалы, үшінші орынды «HALYK BANK» АҚ Теміртау филиалы жеңіп алды.

Сондай-ақ, «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік қорғаушы» номинациялары бойынша футболшылар марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының кубоктарымен, медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.