Онлайн режимде ұйымдастырылған онлайн шарада Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиев, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі маман Н.Жетпісбай және бас маман А.Серімбетов Мұғалжар ауданының оқу ұйымдары қызметкерлеріне заң кеңестерін берді.
Онлайн-семинарға ауданның мектептері, мектепке дейінгі оқу мекемелері мен қосымша білім беру мекемелері басшылары, кәсіподақ көшбасшылары мен қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар тарапынан ұйымдастыру жұмыстары, іс-қағаздарын жүргізу және еңбек заңдылықтары бойынша сұрақтар қойылып, оған нақты жауаптар берілді