Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Павлодар қаласының білім беру мекемелерінде “Сенің таңдауың” жұмыспен қамту сабақтарын өткізуде, сондай-ақ “Еңбек – елдің мұраты” арнайы жобасын іске асыруды, еңбек нарығында кәсіптердің қажеттілігі туралы хабардар ету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарын жаңа кәсіптер атласы туралы хабардар етуді жалғастыруда.
2021 жылғы 20 қыркүйекте “Павлодарэнерго” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Балтабек Төлеубаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Павлодар қаласы білім беру бөлімінің, Павлодар облысы білім беру басқармасының “Павлодар қаласының гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі №39 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ 8 сынып оқушылары алдында “Тәуелсіздіктің жетістіктері” атты ашық сабақта сөз сөйледі.
Мектепте 81 сыныпта 2212 оқушы оқиды, 128 педагог еңбек етеді, 2006 жылдан бастап мектеп неміс тілін ерте оқытуды енгізу бойынша облыстық эксперименттік алаң, 2015 жылдан бастап жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялау бойынша пилоттық мектеп, 2017 жылдан бастап көптілділікті енгізу бойынша Республикалық эксперименттік алаң болып табылады.
“Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі” атты Қазақстан халқына Жолдауында балаларды ерте кәсіптік бағдарлау ерекше маңызға ие болып отырғанын атап өтті. Өскелең ұрпақ болашақ мамандықты таңдауға саналы түрде қарауы керек. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегін негізге ала отырып, табысты егемен мемлекеттің тәуелсіздігіне үлкен жол ашты”, – деп атап өтті өз сөзінде Балтабек Төлеубаев.
Жергілікті кәсіподақ бірлестігінің құрамына әртүрлі мамандықтағы 3000-нан астам қызметкер кіреді, олардың әрқайсысы туралы спикер егжей-тегжейлі айтып берді.
“Менің еңбек өмірбаянымда IT-технологиялар ерекше рөл атқарады, олардың өзектілігі елді цифрландыруға қарай барған сайын артып келеді. Қазіргі уақытта цифрландыру жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кемінде 100 мың жоғары білікті IT-мамандарды даярлау міндеті қойылды”, – деп атап өтті спикер осы саладағы өзінің жемісті қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып бере отырып.
Кездесу қорытындысы бойынша Балтабек Төлеубаев кәсіптік одақтардың қорғаныс қызметі туралы айтып, оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.