Бастауыш кәсіподақ ұйымы – еңбеккердің қорғаны

Сарыбай Алмагүл Сүндетқызы облыстық тарихи-өлкетану музейі экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, музейде кәсіподақ комитетінің төрағасы, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы комитетінің мүшесі, Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы толеранттық мәселелермен айналысатын Аналар кеңесінің мүшесі, Халықаралық «Семей-Невада» антиядролық қозғалысының белсенді мүшесі және ардагері, облыстық аграрлық әйелдер одағының мүшесі, Ақтөбе облыстық өлкетанушылар бірлестігінің мүшесі, «Шолпы» қыз балалар клубының идея авторы және жетекшісі. «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Өз жеріңді танып біл!» жобаларымен өлкетану жұмыстарын жүргізіп отыр.

Биылғы жылы музей әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті бірлесіп ұжымдық шарт ретінде бірқатар келісімдер жасасты. Жаңа ұжымдық шарт 2021-2023 жылдар аралығында қолданыста болады. Жаңа ұжымдық шартта алдыңғы шартта көзделген жеңілдіктердің барлығы сақталып қалумен қатар, музей қызметкерлеріне қатысты жеңілдіктер мен құқықтар да ұлғая түседі.

Мысалы, кәсіподақтан материалдық көмек көрсету және кәсіподақ комитетінің шешімімен музей саласында ұзақ жыл жұмыс жасаған қызметкерге санаторлық-курорттық емделу үшін қаржылық көмектер өсті. Бұрын 20000 теңге болса, қазір 30000 теңгені құрайды. «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің санаторлық-курорттық емделуге жеңілдікпен берген жолдамасымен қатар, қызметкерлерге ұжымдық шартта қосымша көмек беріледі.

Жұмыс беруші жұмыскердің жазған өтініші бойынша керек болған жағдайда асыраушысынан айырылған, 14 жасқа толмаған балалары бар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған, медициналық қорғау негізінде күтімді қажет ететін науқас болса, кәсіподақпен келісе отырып, икемді жұмыс жасау кестесін бекітеді.

Музей қызметкерлерінің туған күндерін, мерейтойлық жастарын атап өтуге орай кәсіподақ тарапынан берілетін сыйлық бағасы жоғарылады.

Далалық экспедиция жұмыстарын жүргізген музей қызметкерлеріне «МКҚК «Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі» қызметкерлерінің «Далалық жабдықталым ақшасын төлеу тәртібі, шарттары мен мөлшері, далалық жағдайдағы жұмыс уақытын есепке алу тәртібі туралы» жұмыс берушінің актісімен бекітілген Ережеге сай далалық жабдықталым ақшасы төленеді.

Қызметкерлер кәсіподаққа түрлі мәселелерін айтып келеді. Мысалы, тұрғын үй мәселесі бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған орай музей әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті атынан басқарма басшысы Н.Кәдірбаев пен филиал басшысы Н.Табылдиноваға хаттар жолданды. Нәтижесінде музей қызметкерлері Н.Баиров, Н.Ғаббасов, Д.Жұмахметов, Г.Төлепбергенова т.б., тек комуналдық қызметтерге ақы төлеп отыратын мекемеден берілетін, уақытша пайдаланатын пәтерлерге қоныстанды.

Екінші мәселе десек, ол еліміздегі пандемияға байланысты14 жасқа дейінгі баласы бар ата-аналардың өтініштерін айтуға болады. Өтініштері уақытында қанағаттандырылды.

Кәсіподақ ұйымы Президентіміз Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауын насихаттау шараларына да үн қосып жатыр.

Осы жетістіктердің барлығы – кәсіподақ комитеті мен музей басшылығының ұжымдық шарт бойынша өздеріне алған міндеттемелерді орындап, өзара тығыз ынтымақтастықта әрекет етуінің нәтижесі.