Рашид Сабирзянов өзінің еңбек жолын 1991 жылы “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС-де бастады. Ол Павлодар индустриялық институтын “Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау” мамандығы бойынша тәмамдады.
Қазіргі уақытта ол электр, отын беру және жалпы станциялық жабдықтар басқармасының бастығы болып жұмыс істейді.
“Менің барлық еңбек жолым электр цехымен байланысты. Негізінен вахтада – “күн-түн-48″ жұмыс істедім. Ал 2019 жылы маған электр, отын жеткізу және жалпы станциялық жабдықтар басқармасының бастығы лауазымы ұсынылды. Бір ай бойы мен ұсыныс туралы ойладым, өйткені лауазым өте жауапты”, – дейді Рашид Сабирзянов.
Бүгінде Рашид Абдулажановичтің қол астында төрт жүзден астам адам еңбек етеді. Бұл – өз міндеттері, проблемалары және оларды шешу жолдары бар мүлдем басқа бес өндірістік цех. Бірақ, ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында барлық міндеттер жоспар бойынша орындалады.
“Менің командам өте жақсы, цехтың әрбір бастығы жоғары кәсіби маман. Әрқашан да біздің өзара іс-қимылымыздың диалог негізінде құрылуын қамтамасыз етуге тырысамын. Мен де әріптестерімнен оқимын, егер маған бір нәрсе түсініксіз болса, әрдайым көмек, түсіндіру үшін жүгіне аламын. Меніңше, бұл жұмыста басқа адамның пікірін тыңдау өте маңызды. Ең бастысы, біздің энергетиктердің әрқайсысы жұмысқа қуана-қуана барады, не істеп жатқанына қызығушылық танытады, ойланбаған шешімдер қабылдамайды және оны үйде отбасы күтіп тұрғанын әрдайым есіне алады”, – дейді Рашид Сабирзянов.
Рашид Абдулажанович бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі, кәсіподақ қызметімен белсенді айналысады, ол бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті арқылы станция әкімшілігімен әлеуметтік әріптестікте мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастыратынын, Ұжымдық шарт бойынша жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер беру мәселелерін шешетінін жақсы біледі.