Биылғы жылды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы “Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы” деп жариялағаны көпке аян. Бұл бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқығы мен мүддесін қорғаудағы қызметін жандандыруға көмектесіп, жарғылық мақсаты мен міндеттерін орындау жөніндегі жұмысының тиімділігін арттыра түсті. Сонымен қатар, аймақтағы бастауыш кәсіподақ мүшелеріне ерекше жағдайлар жасалып, мүмкіндіктер ашылды.
Бірнеше шара қолға алынып, мәселелер шешіліп, кездесулер ұйымдастырылды. Уақыт озған сайын барлығы өз нәтижесін берді. Бұған облыстағы бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен өткен кездесулер нақты айғақ бола алады. 2021 жылдың басынан бастап жасалып келе жатырған кездесулердің нәтижесінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының неғұрлым құзыретті және белсенді төрағаларының қатарынан алдағы уақытта сайланбалы кәсіподақ лауазымына ұсыну үшін кадрлар резервін қалыптастыруға мүмкіндік туды.
Кәсіподақ мүшелерінің бірлігі мен ынтымағы арта түсіп, кәсіподақ жұмысының озық тәжірибелері орындалды. Жергілікті жердегі әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелері еңбек қатынастарының, әсіресе қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы байланыстың дұрыс жолмен даму бағытын, жанжалды жағдайлардың алдын алу барысын кеңінен ұғынды.
Сонымен қоса, еңбек жанжалдарын шешуге қатысу кәсіподақ қызметінің негізгі бағытының бірі дейтін болсақ, жергілікті жерлерде кәсіпорын қызметкерлері қақтығыс жағдайында өз құқықтарын қалай қорғайтынын біліп, міндетін түсіну өте маңызды. Сондықтан кәсіподақ жұмысының тәжірибесімен алмасатын өңірлердегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері үшін маңызды оқыту семинарлары да өткізілді.
Кездесулер барысында үкіметтік деңгейде қатардағы қызметкерлердің проблемаларына, жұмыс берушілердің ұжымдық және еңбек шарттарын орындауына назар аударылды. Еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындалды, жіберілді.Кәсіподақ ұйымдастырған кездесулер нәтижесінде орындалған жақсы жаңалық, жарқын мысалдардың бірі-2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерінің артуы.
Ізтұрған Баймұханов, Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы