Кәсіподақ өкілі депутаттық фракцияның бірлескен отырысына қатысты

2021 жылдың 22 қыркүйегінде «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалында Саяси кеңес Бюросының және Атырау облыстық мәслихатындағы депутаттық фракцияның бірлескен отырысы өтті.
Оның жұмысына Атырау облыстық Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты, партия филиалы Саяси Бюросының мүшесі ретінде Ізтұрған Баймұханов қатысты.

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетовтың төрағалығымен өткен бірлескен мәжілістің күн тәртібіне «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасының» орындалысы және аймақта инклюзивті білім беруді дамыту мәселелері ұсынылып, жан-жақты талқыланды.

Партия 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының іске асыру жөніндегі «Жол картасының» орындалысы туралы облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов баяндады. Облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев инклюзивті білім беруді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Бірлескен отырыста айтылған сын-ескерпелер мен ұсыныс-пікірлер бойынша нақты шаралар алу құзырлы мемлекеттік органдар басшыларына, қала мен аудан әкімдеріне тапсырылды.