Парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек еткен, бүгінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен кездесті.
Еркін форматта өткен кездесуде сыбайлас жемқорлықты жою тақырыбын және оның пайда болу себептерін талқылады. Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі мен имиджін арттыру, өз еліне адал қызмет етуді қалыптастыру, сондай-ақ Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады. Бауыржан Ілімшеұлы кездесуде мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, профилактикалық сипаттағы ұсыныстар енгізіп, қызметкерлердің қызықтырған сұрақтарына жауаптар берді.