Кәсіподақтың белсенді мүшелеріне марапаттар табысталды

“Қалың қалай, бастауыш ұйым?” республикалық акциясы аясында “Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы” АКБ төрайымы Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ұжымымен кездесті.

Шара барысында Айгүл Оразқызы кәсіподақ мүшелерін пандемияға байланысты елімізде қабылданған қашықтан жұмыс жасау туралы заңнамамен таныстырып өтіп, еңбек қатынастары мәселелеріне тоқталып өтті.

Іс-шара барысында Кәсіподақтар күніне орай бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді мүшелеріне марапаттар табысталды. Сонымен қатар кездесуге “Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” ҚБ БҚО филиалы төрағасы Ғ.Сахипов қатысты.