Ойыл ауданында педагогтардың дәстүрлі спартакиадасы өтті

Жаңа заманның ұстазы білімді, білікті, жан-жақты, бәсекеге қабілетті, жаңашылдыққа жаны құмар, әрі ізденімпаз болуы тиіс. Мұғалімдер бұл жолы спортта да осал емес екендіктерін дәлелдеді.

Ұстаздар күні қарсаңында Ойыл ауданында педагогтардың дәстүрлі спартакиадасы өтті.

Мұғалімдер спорттық сайыста бақтарын сынап, өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаздардан іріктелген спортшы мұғалімдер аудан құрамасына еніп, облыстық спартакиадаға жолдама алады.

Жеңімпаздар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының демеушілігімен І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.