Денсаулық сақтау қызметкерлері Өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күнін қолдады

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бастамасымен Павлодар облысының еңбек басқармасымен бірлесіп 2021 жылғы 28 қыркүйек Павлодар облысында өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күні болып жарияланды.

Өз қызметінің сипатына қарай медицина қызметкерлері зиянды химиялық заттар, биологиялық реагенттер, діріл, ультрадыбыстық, ионизация, лазерлік әсер және басқалар сияқты әртүрлі қолайсыз факторларға ұшырауы мүмкін. Сондықтан өндірістік жарақаттанудың алдын алу құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, оңалту және басқа да іс-шараларды қамтитын еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесі ретінде маңызды мәнге ие.

Бұл күні “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлармен бірлесіп, ҚР Еңбек кодексінің негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтарын, еңбек саласындағы басқа да мемлекеттік актілерді түсіндіру бойынша қашықтықты сақтай отырып іс-шаралар өткізді. Өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша егжей-тегжейлі және жаңа ақпарат “Еңбекті қорғау” ақпарат тақтасында және “Кәсіподақ өмірі” бұрышының ұяшығында жедел орналастырылады.

Кәсіподақ қызметі бағыттарының ішінде бірінші кезектегі міндет денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі мәселелерін шешуге қатысу болып табылады. Бұл ретте кәсіподақтар жұмыскерлердің ішкі еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібін, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтауына жәрдемдесуге міндетті.

Медициналық ұйымдарда өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күнін өткізу еңбекті қорғау жөніндегі күнделікті жұмысқа қосымша іс-шара және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуын бақылаудың неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.