Парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек еткен, бүгінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен кездесті.Еркін форматта өткен кездесуде сыбайлас жемқорлықты жою тақырыбын және оның пайда болу себептерін талқылады.Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі мен имиджін арттыру, өз еліне адал қызмет етуді қалыптастыру, сондай-ақ Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.Бауыржан Ілімшеұлы кездесуде мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, профилактикалық сипаттағы ұсыныстар енгізіп, қызметкерлердің қызықтырған сұрақтарына жауаптар берді.