Аға буын дауларды шешуде белсенділік танытуда

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының кәсіподақтары орталығы жанындағы татуласу орталығының және «Zolotaya seredina-SM» қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ этномәдени орталығы жанында ағымдағы жылдың 12 тамызында медиация кабинеті ашылған болатын.

Аталған іс-шара «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған еді.

Медиация кабинеті әр тұрғынға медиацияны қолдану бойынша түсініктеме алуға мүмкіндік береді, бұл еңбек, отбасылық және басқа да қатынастар саласындағы дауларды сотқа дейін реттеуді дамытуға ықпал етеді.

Қазіргі уақытта аталған кабинетте Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының татуластыру орталығының мамандарымен қатар «Zolotaya seredina-SM» ҚБ медиаторлары және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ардагерлерінің қатарынан құралған қоғамдық медиаторлар халыққа қызмет көрсетуде.

Ашылған кезден бастап оның коммуналдық, тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулыққа келтірілген шығынды өндіру мәселесіне қатысты 5 өтініш түскен.

Медиация кабинетінің жұмысын үйлестіруші, зейнеткер – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ардагері, қоғамдық медиатор Мұратбек Оспановтың тарапынан электр қуатын заңсыз пайдалану мәселесіне қатысты 1 өтініш орынды шешімін тапқан.

Қазіргі уақытта өмірлік тәжірибесін қоғамдық медиатор ретінде падаланып жүрген Мұратбек Оспанов жұмыстан заңсыз шығарумен байланысты дерек бойынша мәселенің шешімін қарастыруда.