Шалқар ауданының педагогтары кәсіби мерекеде спорттық сайысқа қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсетті.
Мұғалімдер арасындағы спорт бәсекесі аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өтті.
Үстел теннисінен өткен жарысқа 15 команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Шалқар қаласы №1 мектеп-гимназиясының ұжымы үздік атанды. Екінші орынды №6 мектеп командасы иеленсе, үшінші орынға Жаңақоныс мектебінің ұстаздары лайық деп танылды.
Жеңімпаздарға диплом мен кубок табыс етілді.