2021 жылғы 2 қазанда “ҚазТрансОйл” АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасы “ҚазТрансОйл “АҚ Оңтүстік-Шығыс құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіподақ күніне орайластырылған ЕТҰ құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізді.
Турнирге жеті команда қатысты. Достық бәсекелестік жағдайында келесі командалар жеңімпаз атанды: “Павлодар” бас мұнай айдау станциясы – 1 орын, Тірек авариялық қалпына келтіру пункті – 2 орын және “ҚазТрансОйл” АҚ зерттеу және әзірлеу орталығы – 3 орын.
Жалпы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақ күніне орай жергілікті кәсіподақ “ҚазТрансОйл”АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының кәсіподақ қозғалысына қосқан белсенді үлесі үшін елуден астам жұмыскерді марапаттады.