Ардагерлерге – құрмет

Қарағанды облысы мен Қазақстан Республикасы кәсіподақтар қозғалысының дамуына үлкен үлес қосқан аға буын өкілдерімен мерекелік кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев Қазақстан Кәсіподақтар күнімен және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтады.

Мұхтар Тінікеев зор денсаулық, жақсы жаңалықтар, махаббат пен жылылық тілей отырып, еңбек ардагерлеріне «Qazaqstаn Kasipodagy» республикалық кәсіподақ газетіне (2022 жыл) жазылуға сертификаттар және материалдық сыйақы табыс етті, сондай-ақ қазақстандықтардың жас ұрпағын тәрбиелеудегі белсенді қызметі үшін алғыс айтты.

Осыған дейін ұйымдастырылған салтанатты шарада ардагерлер арасында Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының ардагерлер бастауыш ұйымының төрайымы, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Мария Адамовна Вабищевич Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен марапатталды. Кездесу барысында кәсіподақ қозғалысының ардагерлері «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туралы, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру деңгейінің бүгінгі күннің болмысына сәйкес келмеуі туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Осы кездесуге қатыса алмаған ардагерлерді Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының өкілдері мереке қарсаңында тұрғылықты жерлеріне барып арнайы құттықтады.

Кәсіподақ қозғалысының ардагерлерінің арасында спорттық және белсенді өмір салтын жүргізетін жандар бар, оларды Кәсіподақтар күнімен таңғы серуенде құттықтады.