Шымкентте ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Кәсіподақтар күніне орай өңірлік «Бастауыш кәсіподақ ұйымдары форумы» өтті. Онда жыл бойы атқарылған шаруалар сарапталып бірқатар азаматтар марапатталды. Басқосуға ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» төрайымы Айгүл Мұқашева арнайы келді.
2021 жыл “Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы”болып жарияланды. Жыл бойы еңбек ұжымдарымен Тікелей “кері байланыс” жүйесін құру үшін кәсіподақтар Федерациясы бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Соның бірі «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы. Бастама аясында жұмысшының тілегін мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің алдында тікелей жеткізуге мүмкіндік болды.
Айгүл Мұқашева – ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары
Кәсіподақтар федерациясы үкімен және жұмыс берушілер ұш жақты бас келісімге қол қойылды. Келісімдерге қол қойылылды. Оның берері мол. Нормалар орындалып құқықтық акт жүзеге асады.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласы кәсіподақтар бірлестігінің құрамында 8 салалық кәсіподақтар филиалдары және 5 жергілікті кәсіподақтар бар, 607 бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыс жасап отыр, кәсіподақ мүшелерінің саны 68621 құрайды. Ағымдағы жылы 26 мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымдары ашылып, 2639 адам мүшелікке тартылды.
Бауыржан Әлтеев – «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы
Бұл шара маңызды. Кәсіподақ жылы ерекше көзге түскен азаматтарды марапаттауға ұсындық одан бөлек басты
Жыл басынан бері Шымкент қаласы кәсіподақтар бірлестігімен Әлеуметтік әріптестік шеңберінде үшжақты комиссияның 14 кездесуі өткен. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 15 мәселе беріліп, басым көпшілігі оң шешімін тапты. Ал, Түркістан облысы кәсіподақтар бірлестігімен Әлеуметтік әріптестік шеңберінде үшжақты комиссияның 4 отырысы өтіп 4 мәселе шешімін тапты.Форумның мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін өзектендіру. Еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мәртебесін нығайту.
https://shymkenttv.kz/kz/news/society_public/zhumysshynyn-kukygy-basty-nazarda