Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері арасында «Тәуелсіздік – мемлекетіміздің алтын діңгегі» байқауы өтті

Ақтөбе облыстық Тілдер фестивалі аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – мемлекетіміздің алтын діңгегі» тақырыбында байқау өтті.

Байқаудың ұйымдастырушысы – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Тіл саясаты қызметінің басшысы Кулянда Тұрғанбаева.

Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Жанжарық Кузембаев тартысты байқауға төрелік етті және байқаудың үздік қатысушысын анықтап, оған кәсіподақ ұйымы атынан Арнайы диплом мен қаржылай сыйақы табыстады. Үздік ойыншы ретінде «Ақтөбемұнайсервис» басқармасының слесарі Нұртас Әбілғазин атанды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды «Ақтөбемұнайсервис» басқармасы жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды сәйкесінше «Кенкиякмұнай» Мұнайгаз өндіру басқармасы және Құрылыс басқармасы иеленді.