«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Комиссия мүшесі ретінде отырысқа кәсіподақтар тарапынан “Қызмет” мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, “Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз хатшысы Асхат Әссанди қатысты.
Отырысты «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы Қуанышбеков Бауыржан Шераханұлы жүргізді.
Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрғали Егембердиевтің, қалалық дәрігерлік еңбек сараптау комиссиясының басшысы Бақтияр Өнербаев және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Қожамбаевтың баяндамалары тыңдалды.
Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы негізгі көрсеткіштердің орындалуы үнемі партия бақылауында.