Төлеби жалпы орта мектебі мұғалімдері марапатталды

Ұстаз – келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі.

Ұстаздар күні мерекесіне орай Түркістан облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бердіғали Өмірәлі  Төлеби ауданындағы өзі оқып білім алған Төлеби жалпы орта мектебіне барып, ұзтаздарды төл мерекелерімен құттықтап, марапаттар тапсырды.