Түркістан облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бердіғали Өмірәлі Көксәйек ауылдық округінің ақсақалдары мен әжелерін Қарттар күнімен құттықтап, сый-сияпат жасап, баталарын алып, елдегі болып жатқан жаңалықтармен танысты.
“Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өткелі отырған отанымыздың өсіп өркендеуінде Сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Ұзақ жылғы еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған кезде де Сіздерді игілік пен ізгіліктің, пайым мен парасаттың үлгісі деп санаймыз.
Қарттарын қазынаға балаған елімізде әрқашан даналығымен халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын Сіздер аман жүріңіздер, бақытты ғұмыр сүріңіздер!”, – деді өз құттықтауында кәсіподақ төрағасы.